ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ АЗАЙТУ – КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бастамасымен Кәсіпкерліктің дамуына кедергілерді азайту және рұқсаттама беру мәселелері жөнінде мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәжілісте аудан прокуроры Ғ.Едігеев шағын бизнесті заңсыз тексерулер мен келтірілген кедергілер бойынша орын алған заң бұзушылықтарды атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті рұқсат беру құзіреті бар орган жетекшілері заң талаптарын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, тиісті сала басшылары аталған тақырыпта жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды. Аудан бойынша кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу мен құрылыс салу заңдылықтары жайлы да сөз болды.
Жиынға қатысқан ауданның жеке кәсіпкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.