НАБИРА – ОРЫС ЖАСТАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы аудандық экспертінің ұйымдастыруымен орыс ұлтының жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты аудандық байқау өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану беделін арттыруға бағытталған сайысқа онға жуық талапкер қатысты. Байқау шарты бойынша оқушылар қазақ тілінің лексика-грамматикасын білуге арналған тест тапсырмаларынан, берілген тақырып бойынша эссе жазудан және кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқудан өзара тартыста түсті.
Сайыс қорытындысымен І орынды Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің оқушысы Набира Баркова жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №266 мектеп-лицейінің оқушысы Анастасия Романова мен М.Горький атындағы №16 мектептің оқушысы Александра Лонкина иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.