ҚАЗАЛЫДА КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ӨРІС АЛЫП КЕЛЕДІ
Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметіне сүйенсек өткен жылы «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында жалпы құны 314,6 млн. теңгені құрайтын 7 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған болатын. Ол екінші деңгейлі банктер арқылы алынған 136,4 млн. теңге несие «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы субсидияланып, 38 жаңа жұмыс орны ашылған.
Ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында 4 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Қызылорда облыстық филиалы арқылы субсидияланды. Атап айтқанда: құрылыс материалдарын өндіру, кондитерлік өнімдер өндіру цехын салу және 2 мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру қызметін кеңейту жобалары.
Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалы елді мекендердегі кәсіпкерлік нысандарына кеңес беру және бизнестің тезірек өріс алуына жағдай жасау мақсатында Кәсіпкерлікті қолдаудың жасақталған мобильді орталығының мамандары ай сайын аудан кәсіпкерлеріне бизнес саласында тегін консультациялық қызметтерді ұсынуда.
Фариза ОМАРОВА