Ғ.МҰРАТБАЕВТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ ДӘРІПТЕЛДІ
Қазалы ауданында «Ғани – ғұмыр жаңғырып, тарихта қалған мәңгілік!» атты облыстық ғылыми конференция болып өтті, - деп хабарлайды «Жас ұлан» бірынғай балалар ұйымының атқарушы хатшысы Г.Ақмырзаева.
Конференцияға барлық аудандардан жасұландар қатысты. Әр ауданнан 5 делегат және ұйымның атқарушы хатшылары, тәрбие және білім саласының қызметкерлері қатысты.
«Ғани – ғұмыр жаңғырып, тарихта қалған мәңгілік!» тақырыбындағы конференцияда қоғам қайраткерлерімен бірге Шиелі ауданы №251 мектеп тәлімгері Ж.Байтжанова баяндама жасады. Арал аудандық жас ұлан ұйымының мүшесі Н.Шынтемірұлы Ғанидың жалынды жастық өнегесі туралы ойларын айтты.
Шара барысында қатысушылар Ғани ауылы мен Ғани мектебіне барып «Мен Ғанимын» тақырыбында ақындар мүшайрасын өткізді. Сонымен қатар Ғанидың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оның өнегелі өмірімен танысқан ұландар «Шапағат» оңалту орталығына барып «Ғани жолымен» мейірімділік акциясын өткізді.
Фариза ОМАРОВА