ҚАЗАЛЫДА 14 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТРЛІК СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНУЫ МҮМКІН
Қазалыда көлемі 14 мың текше метр болатын су қоймасын салу мәселесі еліміздің су ресурстары комитетіне жетті.
Аудан халқының 96 пайызы тіршілік нәрін «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырынан алады. Тұтынушыларды сумен қамтамасыз етуде іркіліс болмайды емес, болады. Әсіресе, жаз мезгілінде.
- Әйтеке би кентіндегі бас су тарату станциясының қоймалары тарлық етеді. Осыған орай «Қазсушар» кәсіпорны арнайы жоба әзірлеп, комитетке жолдады. Енді құрылысты жылдың ІІ жартысында бастау мәселесі қаралуда, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз хатшысы Балгүл Мәмен.
Қойма салынған жағдайда, онда халықты үзіліссіз ауызсумен қамтамасыз ететіндей су қоры жинақталатын болады.
Назерке САНИЯЗОВА