ҚАЗАЛЫДАҒЫ АЙТЫСТА КӨРЕРМЕНДЕР ЗАЛҒА СИМАЙ ҚАЛДЫ
Кеше Қазалы ауданында Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысы мәресіне жетті. Бұл туралы Сейхун.info интернет газеті хабарлады.
Еліміздің бірқатар өңірлерінен келген айтыскерлер қаншама сағат бойы сұлу сөзден жергілікті жұртқа тамаша тарту жасай білді. Айтыста Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласының намысын қорғаған белгілі айтыскер Бекарыс Шойбеков шашасына шаң жұқтырмай, өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осылайша бас бәйгеге ие болып, оған тігілген 2 млн. теңгені қалтаға басты. Ал бірінші орын алып, 1 млн. теңгені қанжығаға байлаған шиелілік жас ақын Мейірхан Сұлтанхан өзінің instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтыстан алған әсері жөнінде «Алла қолдап бұл айтысты да бітірдік. Қазалының ерекше қонақжайлығына тамсанып қайтып барамыз. Алты сағат тапжылмай айтыс тыңдаған көрермендердің ыстық ықыласы естен кетпес әсер сыйлады. Той тойға ұласа берсiн", - дейді.
Айтыста екінші орын Әсем Ережеқызына бұйырса, үшіншi орын Иранғайып Күзембаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Кайназаровтың еншісіне жазылды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Бекзат Жүсіп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтыс туралы "Жанқожа батырдын 240 жылдығына арналған ақындар айтысында залға адам сыймай, сырттан телебайланыс арқылы көрген көрермен саны аз болған жоқ", - деп жазды.