ҚАЗАЛЫДА ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ
Жанқожа батырдың 240 жылдығына арналған мерейтой Қазалы ауданында жалғасты. Қазалы ауданындағы №269 мектепке Жанқожа батыр есімін беруге арналған шарадан соң, Қазалы аудандық мәдениет орталығында «Ел қорғаны, Ер Жәкем» атты аймақтық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Бұл туралы аудан әкімінінің баспасөз хатшысы Балгүл Мамен хабарлады.
Мүшайраға Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен аудандардан барлығы 20 талапкер қатысты. Қазылар алқасы олардың Жанқожа батырға арнау өлеңдерінің мағынасына, шумақ ұйқасына, сахна мәдениетін игеру деңгейіне, өлеңнің жатқа оқылуына басты назар аударды.
Нәтижесімен бас жүлдені қазалылық Есет Табынбаев жеңіп алса, Жүлделі І орынды қазалылық Сапар Абдулла иеленді. Жүлделі ІІ орындарды Байқоңыр қаласынан Ұлықбек Тәңірбергенов, Сырдария ауданынан Салтанат Қожа ие болды. ІІІ орындарға қызылордалық Мөлдір Айтбай, шиелілік Бекжан Ержігіт, қазалылық Ұлан Қалиев табан тіреді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Онан соң Әйтеке би кентіндегі аудандық оқушылар үйінде драматург Рүстем Жанаевтың «Жанқожа батыр» спектаклі қойылды.
Шынар БЕКБАН