ЖАНҚОЖА БАТЫР МЕРЕЙТОЙЫНА КӘСІПКЕРЛЕР ҮЛЕС ҚОСЫП ЖАТЫР
Халқының болашағы үшін басын бәйгеге тігіп, кеудесін оққа тосқан Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл толуына орай Қазалыда батырдың құрметіне кең ауқымда түрлі шаралар өткізіледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Батырдың 240 жылдығы қарсаңында бұл жұмыстарды елі үшін аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар баба рухы алдындағы перзенттiк парыздарын орындап, әруақ үшiн қызмет етуге әрқашан аянбайтындарын көрсетті. Олар «Досбол-Құрылыс и К» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің директоры Сәбит Аралбаев және «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлиев Панабек.
Жұмысшы тобы алдымен зират басына барып тағзым етіп, әрлеу, сырлау және тазалық жұмыстарын жасады. Баба басына келіп тілек тілеушілерге арналған орынның іші-сыртын әктеп, есік, терезе, едендеріне сырлау жұмыстарын жүргізді әрі кіре берістегі табалдырықты қайта салды. Бұл игілікті шара әлі де өз жалғасын табуда.
Фариза ОМАРОВА