ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН ТОЙЛАДЫ
Қазалылық жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов барша тұрғындарды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап сөз сөйледі.
Шара барысында Н.Шамұратов ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға «Қазалы ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Сондай-ақ, түрлі салада абыройлы қызмет етіп жүргендерді облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапаттады.