АРМАНДАР АЛАСАРМАЙДЫ
Швейцария мен ағылшынның асыл тұқымды Заанен және нубий тұқымдас ешкілері Қазалы ауданында жүр. Жас кәсіпкер Жасұлан Қаман етті, әрі сүтті жануарды әкеліп мал шаруашылығымен айналысуда.
Жасұлан жуырда әскери борышын өтеп келген ол осы кәсіпті қолға алды. Қазір асыл тұқымды 10 бас ешкі мен 1 аталығы бар. Күн сайын олардың бабын өзі жасайды. Төлдеуге жақын ешкілері де бар. Еңбектің еселі жемісін көрер уақыт та алда. Болашақта үлкен ферма салып, отбасылық кәсібін жандандырғысы келеді.
«Мемлекеттің жас кәсіпкерлерге жасап жатқан мүмкіндігі мол. Біз де шапағатын көріп болашақта аудан сыртынан үлкен ферма ашып, мал шаруашылығын дамытқым келеді. Қазір отбасым түгел қолдау білдіріп отыр. Анам мен жеңгем ешкілерді сауып береді. Өзім өткіземін», — дейді кәсіпкер.
«Ақмешіт жастары» газеті