«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Қазалы ауданының жеке кәсіпкері Түребек Игіліков өз бизнесін сонау 1999 жылы күрішті көтерме сату саудасымен айналысумен бастаған. Кәсіпкердің кәсібі дөңгеленіп, төрт жыл өткен соң өзінің балық шаруашылығын ашумен бизнесін түрлендірді. Бүгінгі таңда қазалылық кәсіпкер 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл қадам «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқылы мүмкін болды. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында кәсіпкер рәсімдеген 30 млн.теңге несиенің 16% жылдық үстемесінен 10% мемлекет тарапынан өтелуде. Несие қаражатына жеке кәсіпкер қайық сатып алып, айналым қаражатын толықтырды.
Бүгінде балық шаруашылығы бәсекелестігі жоғары бизнес бағыты болып саналады, себебі соңғы жылдары балық аулау мен одан өнім өндіру көлемі бірнеше есеге артқан. Алайда осыған қарамастан, балық шаруашылығында көп жылдық тәжірибесі бар жеке кәсіпкер еліміздің және алыс-жақын шетелдермен байланысатын серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Жергілікті кәсіпорынның шығаратын 80% өнімі Латвия, Германия және Ресейге экспортталады. Еурокодқа қол жеткізген жағдайда Түребек Игіліков экспорт көлемін арттыруды жоспарлауда. Зауытқа шикізат кәсіпкердің теңіздегі жеке үш аумағынан жеткізіледі. Әрбір балық шаруашылығын аумақтағы өзендер мен тиісті төңіректі қарауылдау міндетін атқаратын қорықшылар бақылауда. Сондай-ақ балықты аулауды клиентпен ұзақ уақыт жұмыс жасай білетін балықшылар жүзеге асырады. Жеке су қоймаларындағы балық қоры кәсіпкерге серіктестерден түсетін тапсырысты қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар жергілікті аймақтағы ірі тұтынушылардың сұранысын да қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Игіліков Түребек басқаратын компанияның өндірістік қуаты жылына 1200 тонна өнім шығаруға қауқарлы.
Игіліков Түребек басқаратын компанияның өндірістік қуаты жылына 1200 тонна өнім шығаруға қауқарлы.