ДОМБЫРА ҮНІ КҮМБІРЛЕГЕН КҮН
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Жалаңтөс Баһадүрдің 440 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Домбыра-думан» атты тақырыпта аймақтық термешілер мен күйшілер байқауы өткізілді.
Додаға Қармақшы, Арал, Қазалы ауданынан талапкерлер қатысып, тартысты өтті. Әрбір қатысушы талапкерлер сайыста оқ бойы озып шығуға тырысты. Нәтижесінде терме жанры бойынша бас жүлдені Арал ауданынан қатысқан Ғанибет Өмірзақ жеңіп алса, бірінші орынды қазалылық Олжабай Балмағанбетов екінші орынды аралдық Жаңылсын Жәрменова, үшінші орынды қармақшылық Болат Баймұратов иеленді. Күй жанры бойынша бас жүлдені аудандық әуез мектебінің оқытушысы Нариман Серімбетов, бірінші орынды Әйтеке би кенттік клубының домбыра үйірмесінің жетекшісі Асылбек Махамбетали, екінші орынды Басықара ауылдық клубының домбыра үйірмесінің жетекшісі Ақылбек Қосуақов, үшінші орынды аудандық мәдениет Орталығының қызметкері Балқыз Өмірзақ иеленді.