КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
Қазалы ауданында заман талабына сай жабдықталған, халықты сапалы қызметпен қамтамасыз ету мақсатында «Нұршуақ» автобекеті пайдалануға берілді.
Құны 33 млн теңгені құрайтын орталық құрылысының іргетасы ағымдағы жылдың наурыз айында қаланған болатын. Автобекетте 700-800 орындық күту залы, 27 орынға арналған асхана, билет кассасы, ана мен бала бөлмесі, дәріхана, медпункт, жүк сақтау қоймасы, демалыс орындары және көлікке арналған автотұрақ орналасқан. Сонымен қатар автобекеттің жанынан 18 сауда нүктесі бар сауда үйінің де құрылысы жүргізілуде.
«Атқарушы билік өкілі ретінде жұмысын жаңа бастап жатқан орталыққа қажетті мемлекеттік қолдау мен көмекті жан-жақты көрсетуге әзірміз. Орталық - халықтың ықыласына бөленетін, ауданымыздың дамуына үлес қосатын орынға айналсын», - деді аудан әкімі Бахыт Жаханов орталықтың ашылуында.
Фариза ОМАРОВА