СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ 80 ЖАСТА
Қазалы ауданының құрметті азаматы, Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлимаевтың 80 жасқа толған мерейтойы ауданда аталып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиынға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, мерейтой иесіне сый-құрмет көрсетті.
Одан әрі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, Тасарық, Қарашеңгел, Бозкөл ауылдық округтерінің ақсақалдары, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің ұжымы К.Әлимаевтың ел үшін жасаған ерен еңбегінің бүгінгі ұлы көштің үлкен легіне айналып келе жатқан жастар үшін үлгі-өнеге екенін жеткізіп, Еңбек ерін мерейтойымен құттықтады.
Шара соңында Кәрібоз ақсақал жастық шағы мен еткен еңбегі жайлы сыр шертіп, жастарға баянды болашақ тіледі.