ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Біз тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қарияларымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне назар аударып отыруға тиістіміз», - деген Қазалы ауданы әкімі Бахыт Жаханов ардагелерге құрмет көрсетіп, дастархан жайды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда 5567 қарияның 77 бастауыш ұйымдарының мүшесі бар.
Биылдың өзінде ауданда қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 5 млн 116 мың қаржы бөлінді.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен жыл ішінде 59 ардагер Сарыағаш, Жаңақорған, Мерке, Көкшетау қалаларындағы шипажайларға жіберілді. Сонымен қатар жыл сайынғы «Шағала» лагеріне демалу дәстүрі жалғасын тауып, 60 ардагердің тынығуына жағдай жасалды.
Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері мен ардагерлер ұйымының қолдауымен 56 қария Түркістан қаласына саяхатқа барып, көрікті тарихи орындарды аралап қайтты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіле бермек.