ҚАЗАЛЫЛЫҚ БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Бәрімізге белгілі, биылғы жыл Қазалы ауданында «Жанқожа батыр жылы» деп жарияланған-ды. Осы ретте көптеген мәдени, рухани танымдық шаралар өткізілу жоспарланып отыр. Міне, мереке қарсаңында бал-бөбектерге мерекелік сый ретінде Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 280 орындық «Алпамыс» балабақшасы пайдалануға берілді. Бұл салтанатты шараға Қазалы ауданына арнайы іс-сапармен келген аймақ басшысы Қ.Көшербаев барша қазалылықтарды Құрбан айт мерекесімен және Батыр бабаның мерейтойымен құттықтап, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Балгүл Маменнің хабарлауынша, бүгінде аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтып отырған 21 балабақша жұмыс жасайды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы 4411 баланың 3736–сы мектепке дейінгі тәрбиемен және мектепалды даярлықпен қамтылған. Бұл аудан бойынша 84% құрап отыр. Ауданның балабақшаға сұранысын қамтамасыз ету үшін 50 орындық жеке балабақша ашылып, апаттық жағдайдағы құрылысы салынатын мектептер жанынан 80 орынға арналған шағын орталықтар ашылады деп жоспарлануда.
Шынар БЕКБАН