ҮШ ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР САЙЫСТЫ
Жуырда Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастырумен үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусар бұлағы» атты аудандық олимпиадасы өтті.
Сайысқа үш тілді жетік меңгерген 18-22 жас аралығындағы оннан аса талапкерлер қатысып, бақ сынасты. Олар бірінші кезеңде қазақ, орыс және ағылшын телдерінде берілген тақырыптық мазмұнын толық ашып, екінші кезеңде берілген тақырып бойынша үш тілде эссе жазды. Ал үшінші кезеңде мәтінге ілеспе аударма жасап, білім деңгейлерін көрсетті.
Байқаудың нәтижесінде ереже талаптарын жан-жақты орындаған және үш тілді жетік меңгерген №226 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Фариза Қаражан бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынды №165 мектептің мұғалімі Әйгерім Қали, екінші орынды №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Эльвира Қожахмет, үшінші орынды №70 мектептің мұғалімі Назгүл Сағындықова мен №190 мектептің мұғалімі Ақерке Әлім өзара бөлісті.
Бекзат ӘЖІМҰРАТ