ҚАЗАЛЫДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында іс-сапармен болды. №204 Ы.Алтынсарин атындағы жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанатына куә болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Қазалы ауданындағы апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешімін тауып келеді. Биылдың өзінде апаттық жағдайдағы тұрған үш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі осы №204 мектептің ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы барша қазалылықтарды Құрбан айт және ұстаздардың кәсіби мерекесімен құттықтады. Алдағы уақытта Сарбұлақ пен Аранды ауылдарында жаңа мектептер ел игілігіне берілмек.
Айта кету керек, соңғы бес жылда (екі 1200 орындық, бір 600 орындық, екі 300 орындық, үш 250 орындық, бір 140 және 50 орындық) 10 жаңа мектеп және екі балабақша салынды. 5 мектеп, 2 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. Биылдың өзінде 5 мектепке және 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Шынар БЕКБАН