ҚАЗАЛЫДА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА
Қазалы ауданы бойынша қызыл сызықтан асу, сәулеттік келбетін бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу, жер телімдерін рұқсатсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында тексеру рейдтері жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде кент бойынша құжаттары толығымен рәсімделмеген 6 құрылыс нысаны анықталып, шара көрілді. Ал заңнама талаптары бойынша тиісті құжаттарын әзірлемей, тұрғын үй құрылысын салып жатқан 7 азаматқа жазбаша ескерту беріліп, құрылыстары тоқтатылды.