АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛУДА
Қазіргі таңда жұмыссыздық мәселесінің азаймай тұрғанынан болар қоғамда алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Соның дәлелі ретінде, Қазалы ауданында үстіміздегі жылдың 9 айлық есептік көрсеткіші бойынша алаяқтық қылмыстары 2 есеге артқан. Қазалы аудандық прокуратурасымен қадағалау аумағындағы қылмыстық ізге түсу органдарына 2016 жылдың бүгінгі күніне аудан бойынша барлығы 499 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, олардың ішінде алаяқтық 22 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, жалпы қылмыстың 4,4% құрап отыр. Ағымдағы жылы тіркелген алаяқтық санатындағы 22 қылмыстық құқық бұзушылықтардың 4-і онша ауыр емес қылмыстар, 2 ауырлығы орташа, 1 ауыр санаттағы қылмыстар.
Айта кету керек, бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес алаяқтықтың алдын алу бағытында жергілікті атқарушы және ішкі істер органымен тиісті түсіндірме жұмыстары жалғасуда.
Айта кету керек, бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес алаяқтықтың алдын алу бағытында жергілікті атқарушы және ішкі істер органымен тиісті түсіндірме жұмыстары жалғасуда.