ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Бұл мереке елімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы, береке-бірлігінің және жасампаздығының айқын белгісіне айналды. Осынау атаулы мерекеге орай Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп «Үш тұғыр: бір ел, бір ту, бір тіл» атты мерекелік шара өткізді.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов және аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір құттықтау лебіздерін білдіріп, мерекенің мәні мен мағынасына тоқталды. Бірқатар тіл жанашырлары «Абай аманаты» төсбелгісімен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Құрмет грамотасы», аудан әкімінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Концерттік бағдарлама үш тілде жүргізіліп, түрлі ұлт өкілдерінің ән, би, көріністері халық назарына ұсынылды.
Бекзат ӘЖІМҰРАТ