ҚАЗАЛЫДА 8 ІРІ САУДА ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА
Қазалы ауданында биылғы жылдың өзінде «Жолашар», «Электрон», «Нұрмаш ата» сауда үйлері пайдалануға берілді. Бұдан өзге тағы да 8 ірі сауда орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ауданда бүгінде 1890 сауда қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның ішінде 5 сауда базары, 2 мал сату базары, 9 сауда орталығы, 15 сауда үйі, 790-нан астам шағын дүкендер және сауда базарларында 520 дара кәсіпкер халыққа қызмет көрсетуде. Нысандардың 83,8 пайызы аудан орталығы Әйтеке би кентінде, 6,7 пайызы Қазалы қаласында, 9,5 пайызы ауылдық елді-мекендердің үлесінде. Жыл басынан бері бөлшек сауда айналымы 3 674 673 мың теңгені, көтерме сауданың нақты көлем индексі 557 178 мың теңгені құрады.
Алдағы уақытта «Сенім-Табиғат» ЖШС-нің «Көлік, Сауда логистикалық орталық» жобасын жүзеге асыру, «Өндірістік аймақтан» өнім сақтау қоймаларының құрылыстарын салу инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.