ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Президентінің «100 нақты қадам» ұлттық жоспары – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары болып табылады.
Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бес институционалдық реформасының 33-қадамында бас бостандығын айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебіне тіркелген азаматтардыц әлеуметтік оңалтуды тиімді жүйесін қалыпқа келтіру, осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы екендігі көрсетілген.
Осы аталған 100-нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында ҚР ІІМ ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметі, жергілікті полиция қызметі, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестіктің заңгері М. Балғараевпен бірлесіп «Жұмыссыздыққа тіркелу, Әңгімелесуден қалай өту керек?» тақырыбында семинар-кеңес отырысы өтті. Шара пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығын айыру орындарынан босатылған сотталған азаматтар арасында қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту жобасы аясында ұйымдастырылды.
Аталған семинар-кеңес отырысында Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс табуға ниет білдірген тұлғалар, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету, тұрғылықты жері бойынша өтініш бере алатындығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сотталғандарға Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдық бірлестігімен әзірленген Әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Е.СРАЖАТОВ,
Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы,
әділет майоры