«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Қазалы» аудандық газетінің бас редакторы болып Омаров Дәурен Сейітжанұлы тағайындалды. Д.Омаров – 1987 жылы 27 ақпанда Қазалы ауданында дүниеге келген. Отбасылы, төрт баланың әкесі. Білімі – жоғары. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.
2008 жылы ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің ғылыми қызметкері, 2009 жылы «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамында (Астана қаласы) жобалар жөніндегі менеджер, 2009-2012 жылдар аралығында «Үш қиян» газетінің, «Сақшы» газетінің тілшісі, «Маңғыстау» газетінің штаттан тыс тілшісі, модераторы болып жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары – «Қазақстан» РТРК АҚ МОФ, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ақпарат бөлімінің редакторы; «Мәселе» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редакторы; «Жерұйық» экологиялық-танымдық және «Маңғыстау марғасқалары» ғұмырбаяндық-дерекнамалық бағдарламаларының редакторы болған. 2013-2014 жылдары - Qaznews.kz ақпараттық порталының бас редакторы болып қызмет атқарған.
2014 жылдың маусым-шілде айларында «Сыр медиа» ЖШС, «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары, 2014 жылдың тамыз айынан бастап облыстық «Сыр бойы» газеті интернет сайтының тілшісі болып жұмыс істеген.
Ал бұған дейін «Қазалы» аудандық газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген Ш.Айтуғановқа облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің, аудан әкімі Н.Шамұратовтың Алғыс хаттары табысталып, сый-құрмет көрсетілді.