ҚАЗАЛЫДА СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазалыда Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына байланысты салтанатты шара өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев Cемейде орын алған нәубетке қарсы тұрып, ерліктің үлгісін көрсеткен қазалылық ардагерлерді марапаттады: "Осыдан 25 жыл бұрын жер бетіндегі ең үлкен ядролық сынақ алаңдарының бірі - Семей полигоны жабылды. Халықаралық күнтізбеге мұндай атаулы күннің енгізілу тарихы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Себебі, 1991 жылы 29 тамызда Ұлт көшбасшысы Семей полигонын біржола жабу туралы Жарлыққа қол қойып, Қазақстанның жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартатынын мәлімдеді". Ардагерлер өз кезектерінде басшылыққа ризашылықтарын жеткізіп, ел тыныштығын тіледі.