ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №170 орта мектепте үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбилеу, өзге де халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында «Тілдарын – 2014» аудандық олимпиадасы өтті.
Онда18-25 жас аралығындағы онға тарта талапкер өзара тартысқа түсті. Сайыс берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және мәтінге аударма жасау бойынша үш кезеңнен өткізілді.
Нәтижесінде №249 мектеп-лицей мұғалімі Мейрамкүл Өтегенова І орынды жеңіп алып, облыстық олимпиадаға жолдама алды. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №100 мектептің мұғалімі Нұргүл Сарманова, №70 мектептің мұғалімі Нәзерке Асамадинова иеленді. Жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қайыркелді ТАБЫНБАЕВ