1 500-ДЕН АСТАМ ҚАЗАЛЫЛЫҚ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРДЫ
Қазалы ауданындағы С.Сейфуллин атындағы №165 мектептегі алғашқы қоңырау мерекесіне аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысты, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Өткен жылы аталған білім ордасының жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін сөз етті.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер баршаға айнала қоңырау үнін естіртіп, жаңа оқу жылының басталғанын ұғындырды. Жиында оқушылар өнерлерін ортаға салды.
Биыл аудан бойынша бірінші сыныпқа 1 573 бала барды. Жаңа оқу жылы барлық мектепте «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы ерлік сағаттарымен басталды.