6 АЙДА ҚАЗАЛЫЛЫҚ 69 КӘСІПКЕРГЕ 452,6 МЛН. ТЕҢГЕ НЕСИЕ БЕРІЛДІ
Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов жергілікті мәслихат сессиясында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Нақты кезеңде өнеркәсіп саласында 5 млрд. 867,3 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Жыл басынан бері 4176 шағын кәсіпкерлік субъектісі есепке алынса, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 8 715 адам. Қаржы ұйымдары тарапынан 6 айда 69 кәсіпкерге 452,6 млн. теңге несие берілді.
Мәслихат депутаттары сессия соңында жүктелген міндеттерді қабылдап, аудан басшысының баяндамасын қолдады.
Мәслихат депутаттары сессия соңында жүктелген міндеттерді қабылдап, аудан басшысының баяндамасын қолдады.