ЛАГЕРЬ ДЕМАЛУШЫЛАРЫНА ӘДЕМІ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ
"Нұр Отан" партиясының Қазалы аудандық филиалы "Бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында "Шағала" балаларды сауықтыру орталығында "Бала – бауыр, дос-тамыр" атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Партияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеште орталықта демалушы балалар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер көрермендер көңілін жадыратты. Әсерлі өнер көрсеткен өнерпаздар "Нұр Отан" партиясының арнайы дипломымен марапатталды.
Партия тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға мектепке қажетті құралдарды сыйға тартты.
Партия тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға мектепке қажетті құралдарды сыйға тартты.