100-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАЛЫЛЫҚ БАЛА КЕРЕК-ЖАРАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
«Мектепке жол» акциясы Қазалы ауданында «Садақаңды сауда бер» қағидасымен өтті, - деп жазады «Халық» газетінің тілшісі.
Акция барысында жеке кәсіпкерлер мен бөлім басшылары тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін мектеп оқушыларына тиісінше көмектер көрсетті. Өз кезегінде сыйлық иеленген балалардың ата-аналары мен қамқоршылары шынайы алғыстарын білдірді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова айтқандай, жаңа оқу жылында 1753 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ. Тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 98 оқушы "Мектепке жол" акциясы аясында 1,5 млн. теңге көлемінде қаржыға мектеп формасы, оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.