ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР НАН БАҒАСЫН 40 ТЕҢГЕДЕН САТАДЫ
Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов тұйығы №1 А үйінде орналасқан «Жанқылыш» дүкеніне келсеңіз, «Нан – 40 теңге» деген жазуды көресіз. Ағайынды Күмісбек пен Арман Кеңесбаевтар кәсіпкерлікті осыдан екі жыл бұрын қолға алған.
Күмісбектің айтуынша, 1990 жылдары студент кезінде нанға тұз батырып жеген күндері болыпты. Орал қаласында білім алып жүрген шағында қиыншылықты басынан кешірген студент нанды бұрынғыдан да қадірлей түседі. 2014 жылы дүкен ашқан сәттен бастап нанның үстіне еш баға қоймай сатылымға шығарады. Және де «Нан бағасын ешқашан көтермеймін» деген сөзінде тұрып келеді. Қазір әр көмешті 45 теңгеден алып, 40 теңгеден сатып отыр.