БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Қазалы ауданында «Еңбек күніне» орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жұмыссыздармен қатар жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар да шақырылды.
Жәрмеңкеде тиісті мекеме қызметкерлері өз салалары бойынша жұмыссыздарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Мамандығы бойынша жоғары және арнаулы орта білімді жұмыссыздарды жұмысқа шақырған.
Шара барысында қатысушыларға 27 мекемелер мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 239 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша ұйымдастырылған жәрмеңкенің нәтижесінде 5 жұмыссыз ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа, БК «Сине Мидас Строй» ЖШС-не 8 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа, 6 жұмыссыз аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы №234 мектепті күрделі жөндеу жұмысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жіберілген.
Фариза ОМАРОВА