ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАСТАРҒА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қазалы ауданының тұрғындары мен мектеп бітіруші түлектерге «Серпін-2050» жобасы бойынша грант алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кездесуде облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Б.Есенбаев мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне тоқталып, болашақ мамандарға бағыт-бағдар берді. Оның айтуынша, конкурсқа қатысушы үміткер «Серпін-2050» жобасы бойынша грант иегері атанса, тегін білім алу мен жатақханадан тегін орын алуға ие. Сонымен қатар жолақысы және шәкіртақы, киім-кешек, үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Студент білім алған қаласында қалатын болса, жұмыс пен тұрғын үйі беріледі.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша өткен оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 466 түлектің209-ы мемлекеттік грант иегері атанса, оның 111-і «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен.