ТЕМІРДЕН СӘНДІ БҰЙЫМДАР ДАЙЫНДАЙДЫ
Қазалылық кәсіпкер Гүлзия Әуезова қолөнершілерді жинап, темірден сәнді бұйымдар цехын ашты, - деп жазады kazalinsk.kz.
Әуезовтер отбасы бұған дейін өз үйлері үшін сәнді металл бұйымдар іздеп, бірақ ауданнан таппаған. Сол себепті Гүлзияға «неге осындай өндірісті қолға алмасқа?!» деген ой келеді. Өңірлік инвестициялық орталықтан 6 миллион теңге несие алып, Ресейден қажетті құрал-жабдық сатып алады. Бүгінде цех жұмысшылары есік, дарбаза және басқа да сәнді металл бұйымдар әзірлейді. Әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, цех өнімдері сұранысқа ие және сатып алушылардың көңілінен шығады.
Одан бөлек, Гүлзия Әуезованың 40 адамға арналған кафесі бар. Оны ашуға кәсіпкер 8 миллион теңге жұмсаған. Осылайша ол қазалылық 6 тұрғынға жұмыс тауып берді.