ҚАЗАЛЫДАҒЫ ЦЕХ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАУ МАҚСАТЫНДА «ЕВРОКОД» АЛМАҚ
Қазалы ауданындағы балық өнімдерін өндіру, өңдеу цехы өнімді экспорттау мақсатында «Еврокод» алу бағытында жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Халық» газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты, - деп жазады kazalinsk.kz.
Төребек Игіліковтің шаруа қожалығы біршама жылдан бері балық аулаумен шұғылданып жүр. Қатырылған, арнайы қаптамаларға салынған балық өнімдері жоғары сұранысқа ие. «Балық өнімдерін өңдеу цехын іске асыру» жобасы бойынша «Банк центр кредит» АҚ арқылы алынған қомақты несиеге балық өңдеу, сақтау ғимараттары салынды. Тоңазытқыштар мен қосымша қондырғылар орнатылды.
Өткен жылдан бастап ауқымын кеңейткен цех сүбе дайындауға кіріскен еді. Жоба аясында тағы да ірі көлемде несие алынып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 5 тоннаға дейін балық сүбесін әзірлеуге есептелген. Нақты кезеңде шаруа қожалығында көптеген адам еңбек етуде.