ҚАЗАЛЫНЫҢ «ӘЛСЕЙІТ» УЧАСКЕСІНЕН КӨПІР САЛУ ҚАЖЕТ
Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов «Әлсейіт» учаскесінен көпір салу қажеттілігін атап өтті, - деп жазады республикалық «Халық» газеті.
«Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Қазалыға қарасты Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев, Жалпақ, өзге де елді мекендердегі тұрғындар мен Арал ауданынының бірсыпыра ауылдарының негізгі көлік қатынасы «Әлсейіт» арқылы өтеді», - дейді әкім газет тілшісіне берген сұқбатында.
Оның айтуынша, Сырдария өзенінде көпірлердің болмауы Қазалы ауданы тұрғындарының тұрмыстық жағдайына, тіршілігіне зиянын тигізіп отыр. Аудан жұртшылығы өзеннен өту үшін осы кезге дейін жеңіл жүктерге арналған пантон көпірлерді пайдалануға мәжбүр болып келеді.
«Әлсейіт» учаскесінен көпір салу қажеттілігін басты назарға алу қажет деп санаймын. Осы өткел арқылы Қазалы, Арал аудандарындағы сегіз елді мекенге, Арал теңізінің батыс беткейіндегі Ақбасты, Құландыға қажетті жүктер, теңіз өнімдерін Қазалы, Байқоңыр, Қызылордаға ең қысқа жолмен тасымалдауға болады», - деді Нажмадин Шамұратов.