БІРҚАТАР САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің директоры Ә.Ысқақов Қазалы ауданына арнайы іс-сапармен келді, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мейман аудандағы Қазынашылық банк жұмысымен танысып, сала қызметкерлерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Қазалы аудандық Қазынашылық банк басшысы М.Нұралы және алдын-ала бақылау тобының бас маманы-бас қазынашысы З.Сыдықоваға, операциялық топтың бас маман-бас қазынашысы Ж. Құлниязоваларға ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Қ.Келімбетовтің Алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.Коржованың "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісімен осы банк басшысының орынбасары Ә.Сапарғалиды марапаттады.
Фариза ОМАРОВА