ҚАЗАЛЫДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай кеше Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов ақпарат айдынындағы бір топ маманды қабылдады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты жиында бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс саласында еңбек етіп жүрген мамандық иелері аудан әкімінің Алғыс хатымен және мерекелік сыйлықпен марапатталды.
"Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Аталған салалардың ел экономикасындағы маңызы ерекше. Өйткені, мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда журналистердің рөлі жоғары болса, телекоммуникацияның заманауи құралдарынсыз, пошта байланысынсыз тұрғындар өмірінің, өндіріс дамуының қалыпты ырғағын көре алмаймыз" - деді аудан басшысы өз сөзінде.