ҚАРТТАРДЫҢ ДА ӨНЕРГЕ БАР ТАЛАСЫ
Осы тақырыпта Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісінің 70 жылдығына байланысты ардагерлер шығармашылығына арналған аталар ансамбльдерінің аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.
Іріктеу кезеңінің шартына сәйкес жас шамасы 63-тен жоғары, құрамында 7 адамнан 12 адамға дейін жасақталған 9 ауылдық округ бойынша аталар ансамбльдері қатысты. Олар соғыс жылдарындағы әндер мен халық әндерін орындап, Ұлы Жеңіс мерекесіне арнаған өнерлерін ортаға салды.
Нәтижесінде халық арасындағы рейтингісі жоғары, белсенді, өнерлі аталар ансамбльдері анықталып, Әйтеке би кентінен, Қожабақы, Ғ.Мұратбаев, Ақтан батыр, Абай ауылдарынан қатысқан аталар ансамбльдері келесі кезеңге жолдама алды.
Сондай-ақ, байқауға қатысқан барлық аталар ансамбльдері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Ұрпаққа үлгі болар өнегелі іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.