«ШАҒАЛА» ЛАГЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Қазалыдағы «Шағала» балалар лагері жазғы тынығу маусымын бастады. Қазіргі күні онда әлеуметтік осал отбасылардың 140 баласы демалуда, - деп жазады kazalinsk.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін 12 тәрбиеші барын салып жүр. Одан бөлек, қазақ үш тілді меңгеруге мүмкіндік жасалған.
Демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді. Лагер жатақханасы биыл гигиеналық талаптарға сай жаңа кереуеттермен жабдықталды. Сонымен қатар лагер сыртында балалардың экологиялық таза тамақ жеуіне мүмкіндік беретін бақша бар.
Жалпы, жазғы алты ауысымда 840 бала тынығады. Оның ішінде тұрмысы төмен отбасылардың 420 баласы демалу үшін жергілікті бюджеттен 5,4 млн. теңге бөлінді.