ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА НҰРОТАНДЫҚТАР БАЗАР БАҒАСЫН БАҚЫЛАДЫ
"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы "Айқын тариф" партиялық жобасы аясында базар бағасына бақылау жасады, - деп жазады партия сайты.
Ұйымдастырушылар алдымен Әйтеке би кентіндегі "Ырыс-Болашақ", "Орын-Ай" сауда базарларының азық-түлік, ет, сүт өнімдерінің бағаларын бақылап, анықтама жасады. Бақылау барысында 2016 жылдың 13 маусымы мен 20 маусым аралығындағы бағамды салыстырғанда нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің ішінде 7 өнімнің 20-70 теңгеге дейін көтерілгендігі анықталды. Бақылау барысында аталған өнімдердің қымбаттауын кәсіпкерлер өзге өңірлерден қымбат бағамен келгендігін жеткізді.
Базар бағасын бағамдау барысында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы кәсіпкерлерге барынша бағаны тұрақтандыру мен азаматтар денсаулығы үшін олардың санитарлық тазалығының сақталуы жөнінде тиісті түсініктеме берді және халыққа қол жетімді болуын тапсырып, халық тұтынатын тауарлар бағасының тұрақтылығы әрдайымда партия назарында екенін жеткізді.