ҚАЗАЛЫДАҒЫ «ШАҒАЛА» ЛАГЕРІ БІРІНШІ АУЫСЫМ БОЙЫНША ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қазалы қаласында орналасқан «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында қазір әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан 140 бала демалуда.
Тіл үйірер тәтті дәрумендермен толықтырылған 5 мезгіл ас мәзірі балалар көңілінен шығуда. Демалысты көңілді, қызықты, мағыналы өткізуде лагерьдегі 12 тәрбиешінің жан-жақты ұйымдастырған саяхаты балаларға ерекше әсер қалдыруда. Мұнда ана тілінен өзге орыс, ағылшын тілдерін үйренуге де мүмкіндік бар. Балалардың денсаулығын қадағалау үшін арнайы дәрігер және стоматолог жұмыс істейді. Лагерь жатақханасына биылғы жылы гигиеналық талаптарға сай жаңа кереуеттер пайдалануға берілген. Сонымен қатар, лагерь жанынан бау-бақша өнімдері егіліп, балалардың табиғи таза өнімдерді тұтынуына жағдай жасалуда.
Жалпы, орталықта биылғы жазғы маусымда 6 ауысым ұйымдастырылып, әр ауысым бойынша 140 оқушыдан, барлығы 840 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан 420 оқушыны аталмыш лагерде демалдыруға бюджеттен 5 млн 460 мың теңге қаржы бөлінді.