АҚЫНДАР РҮСТЕМ ЖАНАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР ТОЛҒАДЫ
Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, ақын Рүстем Жанайды еске алуға арналған «Ақұдайлар» атты ақындар мүшәйрасы болып өтті.
Өмірден өтсе де артына өнеге мен өнердің мол мұрасын қалдырған азамат, сан түрлі өнер иесі Рүстем Ідірұлының өлеңдерін кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, жастардың шығармашылығын шыңдау мүшәйраның басты мақсаты болды.
Мүшәйра қорытындысында өлең құрылысымен және мағынасының тереңдігімен өзгелерден ерекшеленген жас ақын Е.Болатбек бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Бірлік ауылынан қатысқан С.Етішев және №70 мектептен қатысқан А.Нұртай иеленсе, үшінші орынды Д.Қалдыбай, А.Жеткерген, М.Қараман, Назерке Байбековалар өзара бөлісті. Рухани шараның өз дәрежесінде өткізілуіне «Намыс-Құрылыс» ЖШС-нің директоры Мәлік Өтеулі және «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Қуаныш белсене атсалысып, демеушілік жасады.