ЕЛІМІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА АВТОШЕРУ ӨТТІ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен автошеру өткізілді.
Автошеру 4 маусым – қазақстан Республикасының рәміздеріне 25 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасының рәміздері күнін атап өту, тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерін насихаттау арқылы жастарымыздың патриоттық сезімін арттыру және өскелең ұрпақты Рәміздерді құрметтеп, бағалауға тәрбилеу, Ата заңымызда белгіленген рәміздерімізді кеңінен жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Аудандық мәслихат депутаты «Жастар ресурстық орталығы» мемлекетік мекемесінің Қармақшы аудандық бөлім басшысы М.Ибраев бастаған шеруге 25 автокөлік қатысып, ауданның орталық алаңынан бастау алған автошеру Жосалы кентінің басты көшелерінің барлығын аралап әр автокөлікте Қазақстанның көк туын желбіретіп отырған жастарымыз «Көк туым көк аспан, жасай бер Қазақстан» деп ұрандап өтті.