ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қармақшы аудандық сотында «Қоғамдағы әйелдердің теңдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы міндетін уақытша атқарушы К.Қаниева мен судья, прокуратура мен ішкі істер органдарынын өкілдері қатысты, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Өз сөзінде сот төрағасы міндетін атқарушы К.Қаниева саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызды роль атқаратын әйел теңдігі стратегиясы жөнінде атап өтті.
Қазақстанда 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы ойдағыдай жүзеге асуда. Қазіргі уақытта Стратегияны жүзеге асыру шеңберінде гендерлік теңдік мәселелерін инновациялық дамыту және жетілдіру жұмысы қоғамды дамытудың ажырағысыз бөлшегі ретінде маңызы зор. Президенттің «Стратегия «Қазақстан-2050» Жолдауында да гендерлік құқық пен мүмкіндіктерді жүзеге асыру мәселелері айтылды.
Шара соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, нәтижесі бойынша ұсыныстар келтірілді.