МЕКТЕП ЖӨНДЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ АРТЫҚШЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН
Қармақшы аудандық прокуратурасы №105 орта мектепте 2015 жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң талаптарының бұзылғанын анықтады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, аудандық білім бөлімі тендерде «Өмірзақ» ЖШС-нің жеңімпаз болуы үшін көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі барын есептеп, оған 0,5 бал артық берген. Конкурс комиссиясы мүшелері заң талаптарына қарамастан, шешімдер дайындау кезінде құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған.
Прокуратура ұсынысымен комиссия мүшелеріне тәртіптік шаралар көрілді. Бөлім бастығы Б.Дүйсенбаевтың мәселесі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiндегi тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Еңбекке жарамсыз парағының ашылуына байланысты оның тәртіптік шарасы кейінге қалдырылды.