БАҒДАРЛАМАМЕН БАРҒАН МАМАНДЫ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРГЕН
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі №121 мектеп директоры «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен барған маманды жұмыстан заңсыз шығарып жіберген, - деп жазады «Халық» газетінің сайты.
Ағылшын тілінің мұғалімі жұмыс істеп, сонда тұру үшін бағдарлама негізінде бюджеттік несие алған. Жұмысқа орналасқаннан кейін оның денсаулығы сыр беріп, он күн ауруханада жатқан. Сөйтіп уақытша еңбекке жарамсыз парақшасын аштырған. Ем-домы аяқталып, жұмысқа қосылар кезінде мектеп директоры еңбек шартын тоқтатуға бұйрық шығарғанын айтқан.
Алайда ҚР Еңбек кодексінде жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезеңде шығарылмайтындығы көрсетілген.
Осы жағдайдан кейін маман бюджеттік несиесін төлеу үшін прокуратураға арызданған. Соның негізінде бақылаушы орган тексеру жүргізіп, стационарда ем қабылдағанына көз жеткізді. Әрі мектеп директорының заңсыз бұйрығының күшін жойды. Осылайша мұғалімнің құқы қорғалып, бұрынғы жұмысына қайта оралды.