СЫР ДИҚАНДАРЫ БИЫЛ ИРАН КҮРІШІН ЕГУДІ ҚОЛҒА АЛМАҚ
Бұл тың бастаманы Қармақшы ауданындағы шаруа қожалығының еңбеккерлері жүзеге асыруға ниетті. Бұрынғы комбайншы, қазіргі серіктестік директоры Нұрлан Іздібаев басшылық ететін ұжым биылғы егін науқаны кезінде жаңа технологияларды да кеңінен қолданбақ.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, жердің бабына барынша мән бергеннің арқасында өткен жылы шаруашылық рекордтық көрсеткішті еңсерді. «1627 га күріш салысын отырғызып, одан ең жоғарғы әр гектардан 69 центнерден өнім жинадық. Биыл 1800 га жерге күріш салысын отырғызамыз», - дейді серіктестік басшысы.
Егін алқаптарына су жеткізетін ескі арналар соңғы 10-15 жыл бедерінде тазартылмаған екен. Ауылдықтардың талай жылғы түйіткілін шешуге шаруашылық ұжымы жұмыла кіріскен. Қазір еңбеккер көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Биыл Ираннан әкелінген күріштің «Торам» сортын өндіріске енгізуді көздеп отыр. 2 мың 200 тонна элита тұқымын 54 гектар жерге екпек. Өнімнің сапасын арттырып, экспорттық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен.
Іскер азамат 150-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Келешекте бизнес ауқымын кеңейте түспек. Алдағы уақытта қуаттылығы тәулігіне 1,5 тонна өнім беретін құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Осылайша аграрлық саланы өркендету арқылы ауылды түлетуге ықпалын тигізуде.