2015 ЖЫЛЫ ҚАРМАҚШЫДА ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ 6,1%-ЫН АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАДЫ
2015 жылы Қармақшы ауданында 391 қылмыс тіркелсе, соның 24-ін немесе 6,1%-ын алаяқтық құрады, - деп хабарлады аудандық прокуратураның баспасөз қызметі.
12 қылмыс әшкереленіп, көп бөлігін қыз-келіншектер жасағаны анықталды. Полицейлердің талдауына қарағанда жұмысқа тұрғызып беремін деп, сазға отырғызу, қарызға ақша алып, қайтарып бермеу, ұялы телефон арқылы өзін құқық қорғау органдарының қызметкер ретінде таныстырып, ақша талап ету сияқты тәсілдер жиі қолданылады екен.
Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға оңай жерде ақша жоғын, оның міндетті түрде сұрауы болатынын ескертеді.