ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
Кеше "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбектің қатысуымен Қармақшы ауданында партиялық жобалар мен "Мирас" қоғамдық Кеңесінің аясында біршама шаралар өткізілді.
Осы орайда, шараға қатысушылар К.Рүстембеков атындағы Жыраулар мектебінің шәкірттерімен, "Жастар саябағында" жастар өкілдерімен және партияның "Кедергісіз келешек" жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын "Аңсаған" қоғамдық ұйымының қызметімен танысты.
Шара соңында, партияның "Мықты бизнес - қуатты мемлекет" жобасы шеңберінде ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты шұбат өнімдерін дайындайтын "Ибрагим" шаруа қожалығында болды.